Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Түркістан облысы, Келес ауданы, Ескіқорған е/м, Жұмысшылар көшесі 90 үй
87715624848
87054371473
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
ЖШС «Інжу - 2017» бөбекжай - бақшасы
1.jpg
Балабақша туралы

Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Ескіқорған елді мекенінде орналасқан ЖШС «Інжу-2017» бөбекжай-балабақшасы 2017 жылы 20 желтоқсанда 2 топ 40 баламен ашылды. Елді мекеннің 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларын мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтып қызмет етіп келеді. Тәрбиеленушілердің ұлттық құрамы бойынша қазақ , өзбек, түркімен ұлты өкілдерінің балалары тәрбиеленеді.

Бақша құрылтайшысы Турматова Карима Тұрысбекқызы – өзінің қырық жылдай ғұмырын ұстаздыққа арнаған жан. Зейнеткерлікке шыққан соң өзі тұратын мекендегі балаларды мекетепке дейінгі біліммен қамту мақсатында  балабақша ашып 18 адамды жұмыспен қамтып ауыл халқының әлеуметтік ахуалының жақсаруына, ауыл балаларының тәрбие және біліммен қамтылуына өз үлесін қосып келеді. Зейнеткер ұстаздың бірнеше марапаттары мен Алғыс хаттары бар. Бақша өмірінде балалармен етене араласып әрбір қызметкерге жағдай жасап тәрбие жолында жол көрсетіп жүретін аяулы әже.

Мекемеде педагогикалық құрам бойынша меңгеруші-1, әдіскер- 1, педагог-психолог-1, тәрбиешілер – 4.Бақша ашылған 2017 жылдан 2019 жылдың тамызына дейін мекемені білікті педагог, Қазақстан Республикасының спорт шебері Кеделбаева Меруерт Серікбайқызы басқарды. Басшы өз қызметі барысында ұйымдастырушылық қабілетімен, іскерлігімен, біліктілігімен еңбек етті. 

2019 жылдың тамыз айынан бақша ашылғанда әдіскер болып қабылданған Қыдырова Зағира Жүсіпқызы  балабақша құрылтайшысының шешіміне сәйкес меңгеруші болып тағайындалды. Басшы өз еңбек жолын Келес ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №11 «Бәйшешек» бөбекжай-балабақшасында әуелі тәрбиеші, сосын әдіскер болып бастаған . Сол мекемеде тәрбиеші қызметінде жүріп 2013 жылы «Ұлттық құндылықтардың маңызы және оны ұрпақ тәрбиесінде пайдалану» тақырыбында өз шығармашылығымен аудандық Тамыз педоқуына қатысып баяндамасын қорған Алғыс хатпен марапатталған. Сондай-ақ іс-тәжрибесі сол кездегі аудан көлемінде таратылған. Басшы осы мекемедегі қызметі барысында ұжымды басқаруымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысушылардың бірі. Келес аудандық «Т.Бердияров атындағы әдебиет пен өнер бірлестігінің» мүшесі, ақын-жазушы, «Өзіммен туған жыр егіз» кітабының авторы.  2021-2023 жылдары Келес аудандық мәслихатының ҮІІ шақырылымдағы депутаты қызметін атқарған.

Толығырақ

Біздің жетістіктеріміз

30
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР
5
ТОПТАР
4
БІР РЕТТІК ТАМАҚТАНУ
12
ҮЙІРМЕЛЕР

Үйірмелер, курстар

Пайдалы ресурстар

Біз картада