Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Түркістан облысы, Келес ауданы, Ескіқорған е/м, Жұмысшылар көшесі 90 үй
87715624848
87054371473
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
ЖШС «Інжу - 2017» бөбекжай - бақшасы

Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Ескіқорған елді мекенінде орналасқан ЖШС «Інжу-2017» бөбекжай-балабақшасы 2017 жылы 20 желтоқсанда 2 топ 40 баламен ашылды. Елді мекеннің 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларын мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтып қызмет етіп келеді. Тәрбиеленушілердің ұлттық құрамы бойынша қазақ , өзбек, түркімен ұлты өкілдерінің балалары тәрбиеленеді.

Бақша құрылтайшысы Турматова Карима Тұрысбекқызы – өзінің қырық жылдай ғұмырын ұстаздыққа арнаған жан. Зейнеткерлікке шыққан соң өзі тұратын мекендегі балаларды мекетепке дейінгі біліммен қамту мақсатында  балабақша ашып 18 адамды жұмыспен қамтып ауыл халқының әлеуметтік ахуалының жақсаруына, ауыл балаларының тәрбие және біліммен қамтылуына өз үлесін қосып келеді. Зейнеткер ұстаздың бірнеше марапаттары мен Алғыс хаттары бар. Бақша өмірінде балалармен етене араласып әрбір қызметкерге жағдай жасап тәрбие жолында жол көрсетіп жүретін аяулы әже.

Мекемеде педагогикалық құрам бойынша меңгеруші-1, әдіскер- 1, педагог-психолог-1, тәрбиешілер – 4.Бақша ашылған 2017 жылдан 2019 жылдың тамызына дейін мекемені білікті педагог, Қазақстан Республикасының спорт шебері Кеделбаева Меруерт Серікбайқызы басқарды. Басшы өз қызметі барысында ұйымдастырушылық қабілетімен, іскерлігімен, біліктілігімен еңбек етті. 

2019 жылдың тамыз айынан бақша ашылғанда әдіскер болып қабылданған Қыдырова Зағира Жүсіпқызы  балабақша құрылтайшысының шешіміне сәйкес меңгеруші болып тағайындалды. Басшы өз еңбек жолын Келес ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №11 «Бәйшешек» бөбекжай-балабақшасында әуелі тәрбиеші, сосын әдіскер болып бастаған . Сол мекемеде тәрбиеші қызметінде жүріп 2013 жылы «Ұлттық құндылықтардың маңызы және оны ұрпақ тәрбиесінде пайдалану» тақырыбында өз шығармашылығымен аудандық Тамыз педоқуына қатысып баяндамасын қорған Алғыс хатпен марапатталған. Сондай-ақ іс-тәжрибесі сол кездегі аудан көлемінде таратылған. Басшы осы мекемедегі қызметі барысында ұжымды басқаруымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысушылардың бірі. Келес аудандық «Т.Бердияров атындағы әдебиет пен өнер бірлестігінің» мүшесі, ақын-жазушы, «Өзіммен туған жыр егіз» кітабының авторы.  2021-2023 жылдары Келес аудандық мәслихатының ҮІІ шақырылымдағы депутаты қызметін атқарған.

Балабақша өз жұмысын екі топқа арналған ғимаратта бес жыл екі топпен атқарған болса 2023 жылы заман талабына сай екі қабатты ғимаратқа көшіп қазіргі таңда екі топ қосу үшін конкурсқа барлық құжаттарын ұсынып облыстық білім басқармасының шешімін күтуде. Ғимараттың топ бөлмелері, жатын бөлмелері толық жабдықталған, жылы су жүргізілген, әжетхана іште орналасқан. Балабақшадағы бейнебақылау камералар саны-16, топ бөлмелері жихаздармен толық жабдықталған, ойын алаңы мен бастырмалар талапқа сай.

Балабақшаның жылдық жоспары әр жылы жасалып тамыз педкеңесінде бекітіліп өндірістегі барлық қызметтер осы жоспар негізінде іске асырылады. Республикалық білім басқармасы тарапынан өзгерістер болған жағдайда жоспарға өзгерістер енгізіліп отырылады, балабақшаның күн тәртібі оқу жылы басында, сондай-ақ жазғы сауықтыру басталғанда мезгілге сай бекітіледі. Балабақшада оқу үдерісі қазақ тілінде жүргізіледі.

Қазіргі таңда тәрбиеленіп жатқан бала саны- 40

Қызметкерлер саны -18

Педагогтар саны-7

Тәрбиешілер – 4

Әдіскер Бауанова Жұмагүл Қарсыбайқызы – өз жұмысын көмекші-тәрбиеші болып бастаған маман тәрбиеші одан әдіскер қызметтеріне ауысты. Еңбек жолындағы жетістіктері:

-Іс-шаралардағы бақша әкімшілігінен марапаттар;                                                       

-Келес ауданы бойынша С.Селтанов атындағы білім,спорт және бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Алғыс хаты;

-«Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығының Алғыс хаты;

-«Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығының  І дәрежелі Дипломы;

-«AGZHAN» ғылыми білім беру орталығының куәлігі мен сертификаты;

- «ПЕДАГОГ»орталығының Алғыс Хаты.

Тәрбиеші Бегалиева Гүлжайна Тойлыбайқызы – білімі жоғары, тәжрибелі маман

-Іс-шаралардағы бақша әкімшілігінен марапаттар;

-Келес ауданы бойынша С.Селтанов атындағы білім,спорт және бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Алғыс хаты;-Халықаралық«Өрлеу-өркендеу»  ғылыми-ақпараттық танымдық-тәрбиелік журналының  І дәрежелі дипломы;

Тәрбиеші Оразымбетова Гулшод Жакудақызы– білімі жоғары, тәжрибелі маман

-Іс-шаралардағы бақша әкімшілігінен марапаттар;

-Келес ауданы бойынша С.Селтанов атындағы білім,спорт және бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Алғыс хаты;

-Республикалық ТжҚБ беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелікорталығының» сертификаты және куәлігі; 

Тәрбиеші  Турматова Гулбахар Ғаниқызы – білімі жоғары, тәжрибелі маман

-Іс-шаралардағы бақша әкімшілігінен марапаттар;

-Келес ауданы бойынша С.Селтанов атындағы білім,спорт және бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Алғыс хаты;

-«Білім» республикалық  педагогикалық-психологиялық орталығының» сертификаты;

Тәрбиеші  Қанаева Мақпал Асылбайқызы– білімі жоғары, тәжрибелі маман

-Іс-шаралардағы бақша әкімшілігінен марапаттар;

-Келес ауданы бойынша С.Селтанов атындағы білім,спорт және бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Алғыс хаты;

Мекемеде ішкі еңбек тәртібі қатаң сақталынады, тазалыққа айрықша көңіл бөлінеді. Басты мақсат- шекара маңындағы көпұлтты  елді мекеннің балаларын мектепке дейінгі сапалы білім және саналы тәрбиемен қамту, олардың заман талабына сай білім алып балалық шақтарын бақытты өткізуіне ықпал ету

Атауы Жүктеу
1 Заключение СЭС 2017
2 Заключение СЭС 2023
3 Устав Жарғы
4 Техн.түгендеу